Жаңалықтар

Бұған дейін президенттен сөгіс алған көлік министрі Қарабаев қызметінен босатылды

Фото: primeminister.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевты қызметінен босатты, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Марат Қарабаев бұл қызметке 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді.

Ал 2025 жылдың 14 мамырында Қарабаев қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырыста мемлекет басшысынан сөгіс алды. 

Марат Қарабаев Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Әр түрлі жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдарында қызмет атқарды.

2011 мен 2013 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарында қызмет атқарды.

2013 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Транзит және көлік логистикасы департаментінде басқарма басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациядық даму басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан бастап 2017 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациядық даму және туризм басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілде аралығында – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры.

2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін-ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

2023 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close