Мәдениет
Бүркіт: Әйелімнің жеке ұшағы болса деймін
Фото: ашық дереккөз
Танымал әнші Бүркіт келіншегі Аишаға не сыйлағысы келетінін айтты, деп жазады qandastar.kz
Өнер иесі әйеліне болашақта ұшақ сыйлауді жоспарлап жүргенін Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында мәлім етті.
«Аишаға үнемі сыйлық жасағым келеді. Үнемі көңіліне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйласам ба деп жүрмін. Жеке ұшағы болса деймін. Жоспарда бар. Ұшқыш болу бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша «Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін» деді. Маған сенбейді. Алайда мен ұшақты өзім басқарғым келеді. Бір жыл соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар нәрсе», – деді Бүркіт.