ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Бюджетке 130 млрд пайда: Құрылыс саласын «көлеңкеден» шығару керек

Фото: ашық дереккөз
Белгілі политолог Марат Шибутов құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің қосымша құн салығынан жалтарып отқанын жазды, деп хабарлайды qandastar.kz
«ВІ холдингіне қарасты Девелопмент, Костракшн жылына 1 млрд теңгесін салыққа шығындамайды. Ал олардың табысы жүздеген миллиардты құрайтынын ел біледі. Қала құрылысы кеңесінің бір отырысында ВІ-дың 6 өкілі әртүрлі жобамен 6 рет кіргені есімде. Тарқатып айтқанда, сол адамдар өзге фирма, өзге тұрғын үй кешендеріне қатысты ұсыныстарды ортаға салды. Әрі қарай талдасақ, одан да кіші фирмалар іске қосылады. Осылайша, бір құрылыста жеңілдетілген режимі бар көптеген фирмалар жұмыс істейді. Кіріс те «көлеңкеде».
Бұл ретте олар мұндай айналымдар кезінде ҚҚС төлемейді. Бір уақытта құрылыс салушыларды ҚҚС-тан босату тұрғын үйді қолжетімді етуі керек еді, бірақ іс жүзінде баға 21 есе өсті. Сонымен қатар құрылыс индустриясы ең көлеңкелі салалардың бірі болып қала берді», – деп жазған арна авторы.
Телеграм арнада Қазақстанда жаңа салық мәдениеті қалыптасып жатқаны, бірақ оны әркім әрқалай түсінетіні жазылған. Автор «салық – ауыртпалық емес, қоғамның дамуына үлес» екенін алға тартқан.
«Құрылыстағы ҚҚС жеңілдігін алып тастау секторды көлеңкеден шығаруға және бюджетті кемінде қосымша 130 млрд теңгемен қамтуға мүмкіндік береді. Ал бұл – 40 жаңа заманауи мектеп салумен парапар», – делінген жазбада.