Жаңалықтар
Данияр Әшімбаев: Мемлекет тәуелсіз сараптамаларға да мән беру керек

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ хабарлауынша, қазақстандықтардың 77%-дан астамы президентке сенім артады, деп хабарлайды Qandastar.kz қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың телеграмм арнасына сілтеме жасап.
“Барлығы жөн, бірақ менің ойымша, мұндай мәліметтерді Президентке бағынышты құрылымдарда жариялау зерттеудің объективтілігін түсіреді.
Бұл қазіргі кезде жиі орын алып жүрген E-gov порталы арқылы әлеуметтік сұрау салуларға да қатысты. Сайттағы сауалнама арқылы жауабы табылмайтын әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің белгілі бір критерийлері барын ескерген дұрыс. Сонымен қатар материалдарды жариялау мемлекеттік органдардан келеді, бұл тиімділікті одан әрі түсіреді.
Жалпы, мемлекетіміз тәуелсіз сауалнамалардан қорықпау керек”, — деп бөлісті саясаттанушы.