Әлем жаңалықтары

Данияр Елеусінов АҚШ-та жұдырықтасады

Фото: АШЫҚ ДЕРЕККӨЗ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қазір Питтсбург қаласы маңында білікті бапкер Том Янкеллоның залында дайындалып жатыр. Ол 19 шілде күні Вашингтон қаласында өтетін жекпе-жек кешіне қатыспақ. Әзірге қарсыласының есімі жарияланған жоқ, деп жазады qandastar.kz

Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шықты. Алматы қаласында филиппиндік Джо Нойнайды нокаутпен жеңген болатын. Одан кейін биыл ақпанда Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасуы керек еді. Алайда All stars boxing промоутерлік компаниясы Олимпиада чемпионын жарнама тақташалары мен билеттер сатылымында пайдаланып, бірер күн қалғанда Данияр шаршы алаңға шықпайтынын жариялады.

Айта кетейік, Данияр бүгінге дейін кәсіпқой рингте 12 кездесу өткізіп, 12-сінде де жеңіске жетті. Оның жетеуін уақытынан бұрын аяқтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close