
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Дархан Молдаханов Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz Stan.kz дерегіне сілтеме жасап.
Полиция полковнигі Дархан Молдахановтың ішкі істер органдарындағы және басқарушылық саладағы тәжірибесі бар. Ол бұған дейін кейіннен комитетке қайта ұйымдастырылған тиісті департаментті басқарған.
Министр Ержан Саденов оның кәсіби біліктілігі мен қызметтегі тәжірибесін атап өтіп, жаңа міндетіне сәттілік тіледі. Жаңа құрылым Мамандандырылған күзет қызметі департаментінің орнына ұйымдастырылған.
Дархан Молдаханов 1973 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ол ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, ІІМ Академиясын және Қайнар академиясын тәмамдаған. 1991 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. Әр жылдары дипломатиялық өкілдіктерді күзету полкінің командирі, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы және Күзет қызметін бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.


