Жаңалықтар
«Дариға Назарбаеваның күйеуі»: QazaqGaz бен Дубайдағы виллалар
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы үнемі ішкі тарифтің зияны жайлы мәселе көтеріп, миллиардтаған теңгені газ төлейтін кәдімгі түбіртектерді басып шығаруға жұмсаймыз деген желеумен алып келеді. Олар газ желілерін дамыту мен жөндеудің орнына жылдар бойы еншілес кәсіпорындарға осы үшін сегіз есе көп қаражат бөліп келгені белгілі болды, деп жазады qandastar.kz
Orda.kz порталының зерттеу бөлімі Қайрат Шәріпбаевтың (Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, Дариға Назарбаеваның жары) күдікті істерін ашты. Бұл тіпті оларға қазірдің өзінде табыс әкеліп жатқан «қайнар бұлақ» болуы мүмкін.
Бұған дейін біздің редакция «QazaqGaz» ұлттық компаниясы кеңселерін жалға беру арқылы миллиардтаған теңге ұрлағаны туралы хабарлаған болатын. Сол мақалада біз Қайрат Шәріпбаевтың бұған дейін газ секторын басқарғаны, ақша шығару үшін қолданған бір тәсілі жайлы ғана баяндадық. Алайда одан басқа да қомақты ақша табатын тәсілдері жетеді. Қаңтар оқиғасынан кейін ұлттық компанияның ішкі аудиті елбасының үлкен қызының күйеуіне қатысы бар 40 компанияны анықтады. Олар, «QazaqGaz» және оның «еншілестері» арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің басым бөлігін сатып алып отырған. Солайша табиғи газды төлеуге арналған түбіртектерді жазу сияқты қарапайым қызметтің шығынын басқарғандар «алтын қамба» иелеріне айналып шыға келді.
QazaqGaz-дың еншілес кәсіпорны — «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы (қазіргі уақытта компания «QazaqGaz Aimaq» болып қайта аталды) — аймақтық жеке ЖШС «РЦКУ» (коммуналдық қызметтердің есептеу орталығы) арқылы, мысалы, «РЦКУ-Шымкент», ЖШС «РЦКУ-Атырау», ЖШС «РЦКУ-Талдыкорған», ЖШС «РЦКУ-Орал» және басқалар, тек биллинг (әр клиентке көрсетілген қызметті есептеу, соның ішінде түбіртектерді басып шығару) арқылы компанияның жергілікті филиалдары бюджетінің үштен екісін игеріп отырған. Яғни, газ тарифінде қарастырылған сомалардың басым бөлігі «РКЦУ» жеке фирмаларына кетіп отырған.
Табиғи газды тұтынуға арналған түбіртектерді жазу шығындарының мөлшерін анықтау үшін біз «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының электрондық сатып алу порталын ақтардық. Ақпаратты табу үшін көп күш салуға тура келді. Сайттың негізгі қызметінің бірі — ұлттық компаниялардың не сатып алғанын көрсетіп, ашықтығын қамтамасыз ету. Алайда оны жасаушылар маңызды ақпаратты сенімді жасыру үшін барын салған секілді.
Дегенмен 2018-2024 жылдар аралығында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларды таба алдық. Соған сүйеніп біз QazaqGaz Aimaq компаниясының биллинг қызметтеріне жоспарланған шығындарын анықтадық. Ұзақ мерзімді жоспар — бұл компанияның үш-төрт жылға дейін алдын ала шығындарын жоспарлауға арналған және сол жылдар бойы тек бір қызмет көрсетушіні таңдауға арналған құжат. Ал мұны жеңіп алған қызмет көрсетушінің көсегесі көгереді десек болады. Себебі ол бюджетті жылдар бойы емін-еркін иеленіп, тендер жеңімпазы болып, бәсекелестерге тіпті пысқырып та қарамайтын жағдайға жетеді.
Су бетіне көлкіп шыға келген шындыққа қарасақ, бұл жолғы қаражат та офис жалға беру шығындарына ұқсас, геометриялық ілгерілеумен өседі. Әрине, газ компаниясының қызмет көрсетуге жұмсаған шығындары тұтынушылардың өсіміне мүлде сәйкеспейтіні айдан анық.
Мысалы, 2018-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына қарасақ, QazaqGaz Aimaq-тың Батыс Қазақстан филиалы 2018 жылдың екінші жартыжылдығында биллинг қызметтеріне 174 миллион теңге жұмсаймыз деп жоспарлаған, ал 2019 жылы бұл шығындар 547,6 миллион теңгеге жеткен, 2020 жылы — 512,2 миллион теңге, бұл 2018 жылғы бюджеттен шамамен екі есе артық.

Біз РЦКУ деген компаниялар қандай екенін және олардың артында кім тұрғанын анықтап көрдік. Біз Қайрат Шәріпбаев газ саласын басқарған кезеңде олардың әр облыс орталығында арнайы құрылғанын анықтадық. Алғашқы құрылтайшылардың арасында Шәріпбаевтың бірінші жары Жанар Сейдвалиеваның иелігіндегі Inform System компаниясы бар. Айта кетерлігі, Дубайдағы жылжымайтын мүлік реестрінде ол Palm Jumeirah аралындағы THE RESIDENCE SOUTH ғимаратында 1,5 миллиард теңге тұратын пәтердің иесі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ Қайрат Шәріпбаевтың қызы Қорлан Шәріпбаева да сол жерден апартамент сатып алған.
Қазақстан қор биржасының QazaqGaz Aimaq туралы жылдық есебіне қарасақ, Қайрат Боранбаевтың тікелей қатысы бар істе директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Тайыр Жанұзақ бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ бұл сот тек QazaqGaz-дағы қаржылық активтердің ұрлығына қатысты болды. Ал еншілес ұйымдардағы жағдайды қарамады. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» Директорлар кеңесінің тағы бір мүшесі — Рустам Сулеймановтың қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпарат жоқ. Біздің дереккөздеріміздің мәліметіне сүйенсек, ол жылдар бойы Шәріпбаевқа адал қызмет етіп, сенімді серігі және досы атанған адам.
Ұлттық компаниядан ақша алып, жымқыру жүйесі әлі күнге бар ма, оны тап басып айту қиын. «Самұрық-Қазына» сатып алу сайтында QazaqGaz-дың қазіргі басшылығы еншілес ұйымның биллинг шығындарын қысқартқан-қысқартпағаны және 2022 жылдан бастап осы қызметтерді жеткізушінің ауысқаны туралы ақпарат жоқ. Дәл офис ғимаратын жалдау бойынша шығындарға қатысты ақпараттың жоқтығы секілді. Біз осы сұрақтарды QazaqGaz Aimaq компаниясына жібердік.
Егер мұндай өзгерістер болмай, «баяғы жартас бір жартас» күйі қалған болса, онда Дариға Назарбаева мен ұлттық компанияның бұрынғы топ-менеджерлерінің шетелдегі шалқыған өмірі газ тұтынушыларының қалтасынан әлі де төленіп жатыр және қазіргі QazaqGaz басшылығының бұл істе қолжаулық болып отыр деген сөз.
Ал газ саласының қазіргі басшылығы Шәріпбаев командасының күдікті істерін тергегісі келмейтін секілді. Себебі қазіргі таңда Дариға Назарбаеваның күйеуінің сенімді көмекшісі, бұрынғы «ҚазТрансГаз Аймақ» бас директоры Манас Тасыбаев QazaqGaz-дың ең табысты «кіші компаниясы» — АО «Интергаз Центральная Азия» бас директоры қызметін атқарады.
Бәріміз Қаңтар оқиғасынан кейін QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жәркешов мәжілісте өткен үкіметтік сағатта газ секторындағы жымқырылған қаржыны шамамен бір триллион теңге деп айтқанын ұмытқан жоқпыз. Міне, содан бері екі жылдан астам уақыт өтті. Бірақ Қайрат Боранбаевтың атына қатысты болған даулы істі есептемегенде, халық алдына ешқандай ақпарат жария етілмеді. Негізгі қылмыстық іс бойынша кәсіпкер 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар, ол мемлекетке шамамен 120 миллиард теңге қайтарды. Ұрланған ақшаның қалғаны қайда?
Orda.kz бұл сұраққа жауап іздеп, осы істі зерттеуді жалғастырады.
- Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев басқарған кезеңде кеңсені жалға беру айласымен ұрланған миллиардтар жайлы мына сілтемеден оқыңыз.