Қаржы және төлемдер
Декреттік төлемдерді есептеу жүйесі өзгермек

Фото:ашық дереккөз
Декреттік төлемдерді есептеу жүйесі өзгереді. Енді белгіленген мөлшерден артық төлем берілмейді, деп жазады qandastar.kz
Қазақстанда декреттік төлемдерге қатысты Салық кодексіне өзгерістер енгізілмек. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Гүлбағила Болатбекованың айтуынша, енді декреттік төлемдерді есептеу жүйесі өзгеріп, жоғары табыс табатын әйелдер бұрынғыдай көп төлем ала алмайды.
Бұрынғы жүйе қалай жұмыс істеді?
Еңбек ететін әйелдер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 12 ай бойы жоғары кіріс көрсетіп, көп салық төлегендей көріну арқылы декреттік төлемдерді көбейтетін. Осылайша, ай сайын миллиондап табыс көрсеткен кейбір әйелдер декретке шыққанда 2,5 миллион теңгеге дейін жәрдемақы алатын.
Енді не өзгереді?
— Декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленеді – 238 мың теңге
— Қанша жерден көп табыс тапса да, декреттік төлем осы шектен аспайды
— Бірнеше жерде жұмыс істейтіндер үшін де төлемдер біріктірілмейді
— Жүктілікке қатысты төлемдерге де шектеулер қойылады.