Қаржы және төлемдер

Депутат: Алаяқтарға алданғандардың несиесі есептен шығарылу керек

Фото: Стан.кз

Алаяқтарға алданғандардың несиесі есептен шығарылуы керек екенін айтты Мәжіліс депутаты, – деп жазады qandastar.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов депутаттық сауалында осылай деді. Бұған қоса, ол Үкіметтен банктердің алаяқтарға заңсыз несие рәсімдеуге қатысы бар-жоғын анықтауды ұсынды. Әрі азаматтардың мойнына жүктелген қарызды банктердің өз есебінен төлеуді міндеттеуді сұрады.

Айта кетейік, өткен жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтық фактілеріне қатысты депутаттық сауалды қараған еді. ҚНРДА банктен қарыз және микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды қамтитын түзетулерді әзірледі.

№ДС-148 депутаттық сауалы Мәжіліс сайтында 2023 жылдың 10 мамырында жарияланған.

Бүгінгі таңда цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін алаяқтар да жанданғаны атап өтіледі.

2022 жылдан бастап агенттікке жеке тұлғалардың 132 жолданымын және ішкі істер органдарының 26 ұсынымын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың жалған микрокредиттерді ресімдеуі мәселелері бойынша 158 жолданым келіп түскен.

Агенттік барлық жолданым бойынша құжаттамалық тексерулер тағайындады, олардың қорытындысы бойынша 9 МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) бойынша жазбаша нұсқамалар түрінде шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды.

МҚҰ 46 микрокредит бойынша 4,5 млн теңге сомаға заңсыз берешекті есептен шығарды, сондай-ақ кредиттік тарихқа түзету жүргізілді. 23 микрокредит бойынша тергеу аяқталғанға дейін және клиенттің микрокредит алмау фактісін растайтын сот шешімін алғанға дейін сыйақы есептеу және шағым-талап жұмыстарын жүргізу тоқтатылды.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close