Жаңалықтар
Депутат Бақытжан Базарбек қазақстандық Aitu мессенджерін қолданудан бас тартты

Фото: Stan.kz
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазақстандық Aitu мессенджерін қолданудан бас тартты, деп жазды qandastar.kz
Себебін бұл үкіметтің бастамасы, өзін халық қалаулысы болуымен түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
Айтуынша, депутаттарды «ешкім Aitu қосымшасын қолдануға міндеттемеген».
«Ешкім ешкімді бұл қосымшаны қолдануға міндеттей алмайды. Халық сайлаған бізді халықтан және Мәжіліс спикерінен басқа ешкім бір нәрсе істеуге міндеттей алмайды. Егер Үкіметте қандай да бір қосымша әзірленсе, Үкімет және министрліктердің мүшелерін ғана міндеттей алады», — деді Базарбек Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда.
Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Aitu-ға көшер алдында министрлік басқа да мессенджерлер мен алаңдарды зерделегенін атап айтты.
«Мемлекеттік коммуникация саласында серверлері еліміздің аумағында орналасқан өнімдер мен жүйелерді пайдалану – бұл жаңа талап емес. Aitu қаізргі уақытта — коммукацияда қолдануға болатын жалғыз платформа екенін айта аламыз», — деді вице-министр.
Aitu ұлттық мессенджері туралы не белгілі
Aitu – қазақстандық тегін жедел хабар алмасу сервисі. 2018 жылы іске қосылған. Ол пайдаланушыларға мәтіндік және дауыстық хабарламалар алмасуға, дауыс және бейнеқоңыраулар жасауға, суреттер, құжаттар, геолокация және басқа да деректер жіберуге мүмкіндік береді. Платформада көптеген ойын-сауық контенттері бар. Мәселен, танымал қазақстандық «Salem Social Media» студиясы Aitu-ға өз сериалдарын жүктеген.