Жаңалықтар
Депутат: Бала асырап алғысы келетіндер кедергілерге тап болады

Фото:Caravan.kz
Елімізде бала асырап алу үрдісі баяу жүріп жатыр, деп жазды qandastar.kz
Ресми деректерге сәйкес, елімізде 21 387 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Мәселен, 5 мыңнан астам азамат бала асырап алу кезегінде тұрғанымен, 2023 жылы – 194, 2024 жылы 153 бала ғана өз отбасын тапқан екен. Депутат Геннадий Шиповских бала асырап алғысы келетіндер бюрократиялық кедергілерге тап болатынын айтты. Себебі процестің өзі бірнеше айға, тіпті жылдарға созылып кетеді.
«Олардың әрқайсысы толыққанды отбасында тәрбиеленуге лайықты. Сондықтан, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен заңнамалық шаралар олардың шынайы қажеттіліктеріне сай болуы керек. Өкінішке қарай, көптеген жетімдеріміз балалар үйінде тәрбиеленіп, отбасының жылуын сезінбей өседі. Бұл олардың болашақта қоғамға бейімделуін қиындатады», – деді Шиповских.
Сенат депутаты бұл мәселені оңтайлы шешу үшін бала асырап алу рәсімін жеңілдетуді, цифрландыруды, сондай-ақ үміткерлерді қолдау механизмдерін күшейтуді ұсынды.