Жаңалықтар
Депутат, Бишімбаевқа шығарған үкімді әділетсіз деп санайды
Мәжілісмен Бақытжан Базарбек сот жүйесінде заң үстемдігі жоқ деп есептейді. Ол сот шешіміне күмән келтірмейтінін мәлімдеп, оның мерзімін ұлғайтуға немесе қысқартуға болатынын жеткізді.
«Мен сот ісінің басқа тұсын атап өткім келеді. Бізде жаза тағайындауда бұрмалаушылықтар бар. Бишімбаев ісі үлкен резонанс тудырғандықтан, айыпталушы 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған ұқсас істе басқа өңірдегілер 10 жылға дейін ғана сотталады. Бұл кім үшін әділетті? Мен мұны әділ деп санамаймын», – деді ол.