Қаржы және төлемдер

Депутат ең төменгі айлықты көтеруді ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Депутат ең төменгі айлықты көтеруді ұсынды. Сөзінше, оны инфляцияға сәйкес индекстеу қажет. Ерлан Саиров министрлер кабинетінің жасап жатқан шараларына қарамастан, халықтың әл-ауқаты жақсармады деп отыр, деп жазды qandastar.kz

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жан басына шаққандағы кіріс 112 мың теңге болған.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, оның 98 мың теңгесі азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге жұмсалатын көрінеді.

«Еліміздегі ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден көтерілген жоқ. Бұл 1,8 млн адамның тұрмыс деңгейіне қатысты. Ең төменгі жалақыны көтеру – Үкіметтің басты міндеті», – деді мәжілісмен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close