Әлеумет және қоғам
Депутат Қызылордада ауыр жұмысқа жегілген Қонысқа барғанын жазды
Фото: Алаш коллаж
Әлеуметтік желіде қазалылық Қоныстың орындаған әні Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қарақалпақстанға дейін тарап үлгергені жазылып жатыр. Көпшілік хабарлағандай, Қоныс қиын хъалге түскен. Бүгін Парламент мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров өз парақшасында Қоныстың мәселесі бойынша Қазалыға барғанын айтты, деп жазады qandastar.kz
Айдарбек Қожаназаров былай дейді:
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бала ұзақ жылдар бойы ауыр жұмысқа тартылған. Жалғыз бала емес, баланың ата-анасы да мал бағып, ақысыз еңбек еткен… Ең қызығы, осы балаға және отбасына Раббиль есімді жігіт көмектескен. Бәрі жақсы болады, ағайын! – деп жазба қалдырды депутат.
Қазіргі белгілі болған ақпараттарға қарағанда, Қонысты ата анасымен бірге ұзақ жылдар бойы мал соңына салып қойған. Бала оқымаған, үнемі таяқ жеген. Депутат Қонысты қор қылғандардың ісі бойынша Қазалыға барып қайтқан.