Жаңалықтар

Депутат уақыт белдеуінің әсерін 3 жылға созбай, 3 ай зерттеуге болатынын айтты

Фото: партия

«Amanat» партиясы Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды жақтайды. Бүгін мәжіліс алаңында депутат Елнұр Бейсенбаев осы сауал бойынша депутаттардың атына 10 мыңнан астам  өтініш келіп түскенін айтты, деп жазды qandastar.kz

Сондықтан парламентарийлер үкіметтен уақытты өзгертудің халыққа әсерін зерттеуді тездетіп, қолайлы шешім қабылдауды талап етті.

Ол зерттеуге үш ай жеткілікті, содан кейін мәселе мазмұнды және сапал» талқыланады деп санайды.

Еске салайық, Қазақстан үкіметі үш жыл көлемінде уақыт өзгерісінің халыққа әсерін зерттемек болған.

Алайда, партия оны үш айда аяқтауды және 2025 жылдың наурыз айында оның нәтижелерін ұсыныстар мен нақты шешімдермен таныстыруды сұрап отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close