Жаңалықтар
Депутат: Жалақым миллионға жетпейді, бұған дейін табысым көп еді
Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Еrbol Seilkhan Youtube-арнасына берген сұхбатында қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
«Дубайда пәтерім жоқ, бизнесім жоқ. Бизнес болған күннің өзінде ол қылмыс емес, өйткені мен шенеунік болған жоқпын. Жолдасымның шағын кәсібі бар, оған ондаған жыл болды. Балаларымды өзгеше тәрбиелеп отырған жоқпын. Айтатын сөздеріме күнделікті істеп жатқан іс-әрекетім сәйкес келеді. Мен мұны үлкен бақ деп білемін. Ал бірақ қоғамның ырқына жығылып, өйткені қоғамда да ықпал көп, ойымды өзгертпейді екенмін. Қалай бар, солай айтамын», – деді ол.
Халық қалаулысы жалақысы туралы ой бөлісті. Айтуынша, жалақысы миллионға жетпейді, ал бұған дейін адвокат болып, одан көп тапқан.