Жаңалықтар

Депутаттар ChatGPT-ден қорқып отыр

Фото: ашық дереккөз

Депутаттар ChatGPT-ден қорқып отыр, деп жазады qandastar.kz

Жасанды интеллект – интеллектуалдық деградацияға апарудың жолы. Адам өзі ойланып жазбаса, композитор музыкасын шығармаса, бұл не заман болып бара жатыр? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев айтты.

«Сонда біз әлем жасанды интеллект жасады екен деп, соңынан ере береміз бе? Біздің қазақылығымыз қайда? Біздің өзіміздің интеллектуалдық мүмкіндіктерді ашатын жолдар қайда? Өткен жолы бір шенеунік ChatGPT дегенге өзінің материалдарын салып отыр. Сондағы оның мақсаты бастығым тезірек басымнан сипаса екен, берген тапсырманы тезірек орындайын деген. Ол миындағы қатпарларын қозғалтқысы келмейді. Бұл «алма піс, аузыма түс» деген жалқау шенеуніктерге жақсы болды. Ал енді ChatGPT-дің әр жағында кім бенефициар? Ол материалды жинап, ертең өзімізге қарсы пайдаланбайтынына кім кепіл?», — деді ол.

Цифрлық даму бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин жыл соңына дейін бүкіл мемлекеттік органдарда 50-ге жуық жасанды интеллект шешімдері әзірленетінінін айтты. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Дәурен Алшериевтің сөзінше, жаңа технология енгізілгенде барлық кезеңде тәуекелдер болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close