Жаңалықтар

Дикий Арманның адвокаты Қостанайдағы тергеу изоляторында қысымға ұшырағанын айтты

Фото: Орда.кз

Қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) адвокаты Виктор Кривоносов Қостанай қаласындағы №76 тергеу изоляторында қысымға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Адвокаттың мәліметінше, жақында ол Жұмагелдиевпен кездесуге барғанда, изолятор қызметкерлері оны заңсыз әрекеттерге мәжбүрлеген. Кривоносов шалбарын шешіп, спорттық киіммен кіруге міндеттелген. Оның сөзінше, бұл адвокаттың ар-намысы мен кәсіби қызметіне қол сұғу деп бағаланады.

“Егер олар адвокаттарға осылай қараса, мұнда қамауда отырғандарға қалай қарайтынын елестетудің өзі қиын”, – деді ол.

  Dalanews.kz. жазғандай,     адвокаттың бұл шағымына қатысты Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, тергеу изоляторына кіретін барлық келушіге тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеу үшін міндетті тексеру жүргізіледі.

“Адвокаттарға режимдік мекемеде тексеруден өту тәртібі алдын ала түсіндірілді. Қауіпсіздік шаралары аясында металл іздегіш құрал адвокаттардың бірінен белгі бергендіктен, оған толық тексеруден өту ұсынылды”, – деп хабарлады ҚАЖ департаменті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close