Шоу бизнес

Димаш әуежайда жанкүйерлерін қуантты

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде күтпеген жерден бой көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты, деп жазады qandastar.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында әуежайда түсірілген жаңа селфисін жариялап, тыңдармандарына жылы лебізін білдірді. Суретте Димаш камераға жымиып қарап тұрып түскен.

«Көріспегелі көп болыпты. Ұшаққа отырар алдында кіріп, сәлем берейін дедім. Қалайсыздар?» – деп жазды ол жазбаның астына.

Жарияланым бірден әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлердің жылы пікірлеріне толды. Олар сүйікті әншісіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы кездесулерді асыға күтетіндерін жазды.

«Биыл Чилидегі алғашқы концертіңізді тағатсыздана күтіп жүрмін»,

«Бұл – нағыз тосын сый! Сені көргеніме өте қуаныштымын, Ди»,

«Қымбатты Димаш, сізді көргенімізге шексіз бақыттымыз», – деп жазды жанкүйерлер.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің командасы оның жақын жоспарларымен бөліскен болатын. 16 қаңтарда Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласында өтетін 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестиваліне қатысып, өнер көрсетеді.

Back to top button