Мәдениет
Димаш Құдайберген елге алғыс айтты

Фото: инстаграм
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мереке қарсаңында тыңдармандарына жол тартқан жаңа туындысының қараламы көбейіп жатқанына байланысты алғыс білдірді.
«Жаңа бейнебаяныма қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Пікірлерге қарағанда, менің шетелдік тыңдармандарымның белсенділігінің арқасында жаңа бейнебаянымыздың таралымы мен қаралымы көбейіп жатыр», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ, жақын арада бейнебаянның екінші бөлімін аяқтайтынын айтты.
«Жақын достарыма @llightproduction жасаған жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын», — деді Димаш.