Жаңалықтар

Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген диплом алды

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан “Астана медицина универсиететін” дәрігер мамандығы бойынша тәмамдады. Ол 5-курсын аяқтап, қолына дипломын алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Раушанның анасы, әнші Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Раушантайымыз – болашақ дәрігер. Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам”, – деп жазба жариялады Света Айтбаева.

Қанат Айтбаев та желіге сурет жариялап, қызына ақ жол тіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close