ЖаңалықтарСпорт

«Допинг қолданатын спортшылармен жарысып жүргеніме толық сенімдімін» – қысқы Олимпиада чемпионы

Қысқы Олимпиада чемпионы (2018 ж.), швециялық биатлоншы Себастьян Самуэльссон 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында допинг қолданатын спортшылармен бәсекеге түсуіне тура келетінін айтады, деп жазады qandastar.kz сайты.

Бұл туралы белгілі спортшы SVT телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеп, Олимпиадаға қатысатын барлық спортшыларды «таза» деп айту қиын екенін жеткізді.

Менің ойымша, спортшылардың шамамен 2-3 пайызы қазір допинг қолданады немесе бұрын қолданған. Допинг деректері бар, сондықтан бір күнде бәрі тоқтап қалды деу қисынсыз. Мен допинг қолданатын спортшылармен жарысып жүргеніме толық сенімдімін, – деді Себастьян Самуэльссон өз жауабында.

NRK (Норвегия), SVT (Швеция), DR (Дания) және Yle (Финляндия) басылымдары жүргізген сауалнамаға сәйкес, соңғы бір жылда скандинавиялық спортшылардың 49,2 пайызы жарыстан тыс допинг-бақылаудан өтпеген көрінеді.

Сауалнамаға қатысқандардың 13,3 пайызы бір рет, ал 30,4 пайызы 2-5 рет тест тапсырған. Жалпы 413 спортшыға сауалнама жіберіліп, олардың 45 пайызы жауап берген екен.

Швецияның Антидопинг агенттігінде допинг-тестілеу бөлімінің жетекшісі Дженни Шульце тестілердің қымбат екенін айтып, тек қауіп жоғары аймақтарда тексеру жүргізу маңызды екенін айтып отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button