Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Дуров Telegram қанша табыс тапқанын айтты
Фото: жеке қорынан
Telegram табыс табатын дәрежеге жетті, деп жазады qandastar.kz
Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров айтты. Сөзінше, монетизация енгізілгеніне үш жыл болды. Тек биыл компанияның қолма-қол ақша қоры криптоактивтерді есепке алмағанда 500 млн доллардан асты. Ал табыс 1 млрд долларға жетті. Сонымен қатар Дуров соңғы төрт жылда компанияның 2 млрд доллар қарызы болғанын және оның басым бөлігі күзде өтелгенін жеткізді.