Жаңалықтар

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды

 

Фото: Видеодан скрин

10 тамызда Алматыда Дженнифер Лопестің концерті өтті. Бұл оқиға билет сату кезеңінде-ақ үлкен резонанс тудырған еді. Ал концерттен кейін тағы бір жанжал шықты, деп жазды qandastar.kz

Әлеуметтік желіде іс-шараға көмектескен волонтерлердің шағымдары жарияланды. Оларды ерекше тәжірибе мен шоу көру мүмкіндігі уәдесімен шақырған, бірақ соңында 12 сағат бойы сусыз, тамақсыз ұстаған. Стадионды тазалатқызған және концерттен кейін уәде етілген трансферді де ұйымдастырмаған. Мән-жайдың қалай болғанын Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырушылардан сұрап көрді.

Концерттегі волонтерлердің көбі кәмелетке толмағандар болды. Құралай есімді волонтер желідегі парақшасында таңғы 35°C аптапта түскі ассыз, бір бөтелке суды бірнеше адаммен бөлісіп ішіп жұмыс істегенін айтты.

«Концертте волонтер болдым және біздің де ұйымдастыруға көңіліміз толмады. Айта кетейін, біздің еңбегімізге ақы төленген жоқ. Біз билетке де, кезекке де орын сатпадық. Қызғылт сары жилет немесе соған ұқсас футболка киген адамдар тек адамдарға бағыт-бағдар көрсетуге жауапты болдық. Кейін бізді ұзақ кезектегі иықтіресті тарқатып, жиналғандарды сабырға шақыруға қойды», – деп жазды волонтер Құралай.

Құралайдың сөзінше, келісімшарт бойынша ұйымдастырушылар жұмыс басталғаннан кейін төрт сағаттан соң бізге су мен тамақ, сондай-ақ трансфер ұсынуы керек болған.

«Бірақ ұйымдастырушылар бізге үзілді-кесілді шарт қойып, біздің кіреберістен барлық адамды өткізіп болғанша тамақтанбайтынымызды айтты. Өйткені бізді алмастыратын ешкім жоқ екен. Біздің көпшілігіміз кәмелетке толмағанбыз. Сөйтіп, біздің сектор тамақты тек сағат 21:00-де, яғни 10 сағат жұмыс істегеннен кейін ғана жеді. Су бір-ақ рет берілді, ол да жеке бөтелке емес, 4-5 адамға бір бөтелкеден болды. Концерттен кейін біз стадион аумағын тазалауымыз керек екені, ал трансфер болмайтыны белгілі болды. Сонымен қатар бізге «сағат 23:00 болғандықтан полицияға ұсталып қалмау үшін тезірек кетіңдер» деп айтты. Сондықтан, өтінемін, жалған ақпарат таратпаңыздар», – деп түсіндірді Құралай.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close