Мәдениет
Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді

Фото:жеке парақшасынан
Танымал әлем жұлдызы Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды.
«Осы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуді асыға күтемін. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады», – деп жазды әнші 7 сәуірде.