Жаңалықтар
«Егер Бишімбаев емес, қарапайым адам болса, бұл іске ешкім қызықпайтын еді»
Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында адвокат Назкен Құсайынова сөз сөйлеп жатыр.
«Зардап шеккен тарап Бишімбаев бүкіл ескі Қазақстан үшін жауап беруі керек дейді. Неліктен ол үшін Бишімбаев жауапты болуы керек? Ол тек жасаған әрекеті үшін ғана жауап беруі тиіс. Бишімбаев бұл әрекеттерін толығымен мойындады. Иә, ол Салтанатты ұрып-соққан, денесіне зақым келтірген, бірақ өліп кетуі мүмкін деп ешқашан ойламады…», – деді адвокат.