Ықтияр хат
Екі елдің азаматтығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды. Алайда ҚР азаматтары шетел мемлекетінің азаматтығын ҚР азаматтығынан шықпай тұрып алатын жағдайлар да ұшырасады және осы арқылы заңсыз қос азаматтыққа ие болады. Екінші азаматтықты алудың негізгі себебі еркін қозғалу тілегі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір материалдық пайдаларды алу (мысалы, зейнетақылық есеп айырысу, екінші бала туғандағы жәрдемақы).
Басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдамас бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан шығу керек. Азамат күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе жеке куәлігін тапсыруға міндетті. «ҚР азаматтығынан шығу» мақаласында азаматтықтан шығу туралы біле аласыз.
Қазақстандық азаматтықты қабылдауда сұраныс берушіге егер ол басқа мемлекеттердің азаматтығында болса «Азаматтық туралы» Заңның 17-бабының 7-тармақшасына сәйкес бас тартылатын болады, бірақ аталған ереже төмендегілерге қолданылмайды:
кәмелетке толмағандар;
еңбекке жарамсыздар;
Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі бар адамдар немесе Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тізімге сәйкес және оның отбасы мүшелері;
Қазақстан аумағынан кеткен адамдар және олардың ұрпақтары егер олар Қазақстан Республикасына тарихи Отанына тұрақты тұру үшін келсе.
ҚР азаматтығын қабылдау үшін жоғарыда көрсетілген адамдар шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы өтінішпен ішкі істер органдарына жазбаша өтініш беруі тиіс. Қазақстандық азаматтыққа қабылданған жағдайда, азаматтықа қабылданған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде азаматтар ұлттық паспортын бұрынғы азаматтығы елдің уәкілетті органына тапсыру қажет.
Көптеген азаматтар белгіленген ережелерді елемейді және әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып шетел мемлекетінің азаматтығымен шетел мемлекетінің азаматтығымен бірге қазақстандық азаматтықты да сақтайды. Алайда ішкі істер органдары тексерістер жүргізеді және қос азаматтық анықталған жағдайда осы адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуын тіркейді. Егер азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаннан кейін де жеке басты куәландыратын құжаттарды пайдалануды жалғастырса, ол Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 380-2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Егер сіз басқа мемлекеттің азаматтығында болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты бару қажет, осындай жағдайлар үшін тұру ықтиярхатын алу ұсынылады, алу ережелерімен келесі сілтеме бойынша өту арқылы таныса аласыз.