Жаңалықтар
Екібастұзда ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке бес млн теңге берілмек

Фото: istockphoto.com
Кәсіпкер Мереке Байжан биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне бес миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ, деп хабарлады qandastar.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Зерде» мамандандырылған мектебінің түлектері тарапынан игі бастамалар жиі көтеріледі. Былтырғы жылдың қараша айында мектеп түлегі Мереке Байжан мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған болатын.
Мектепті 2014 жылы бітірген кәсіпкер бұған дейін білім ошағының 20 жылдық мерейтойын бір миллион теңге ақшалай қаражатпен қолдаған.
Бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше талпындырмақ.