Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Елдос менің кимономды киіп шығып, чемпион атанды – Наохиса Такато

Фото: Такатоның жеке мұрағатынан

Францияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалында Елдос Сметов татамиге Жапонияның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Kazinform тілшісіне спортшының өзі айтып берді.

Мен Елдосты жеңісімен құттықтаймын! Ол финалда мен сыйлаған кимононы киіп шығып, чемпион атанды. Қазақ елі, алғашқы алтын жүлде құтты болсын! Біз Елдос екеуміз татамиде қарсылас болсақ та өмірде доспыз. Оған деген құрметім ерек. Оның Қазақстанның ең танымал спортшыларының бірі екенін білемін. Елдос – мықты спортшы. Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржыны жүлдеге тола берсін, – деді даңықты жапониялық спортшы.

Айта кетсек, Елдос Сметов пен Наохиса Такато Рио және Токио Олимпиадасында жеңіс тұғырынан бірге көрінген. Отандасмыз 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанса, жапониялық дзюдошы қола жүлдеге қол жеткізген. Ал Токиода Такато чемпион болса, Елдос қола медальға иелік етті. Міне, биыл Елдос чемпион атанды. Алайда Такато биыл Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен жоқ. Ол Токио олимпиадасынан соң мансабын аяқтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close