Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Елдос Сметов Парижде алтын алды

Фото: ашық дереккөз

Елдос Сметов қарсыласын жарыс жолынан шығарып, АЛТЫН МЕДАЛЬ иеленді!

60 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Елдос Сметов 1/16 финалда Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеамен белдесті. Екі дзюдошы негізгі уақытта өзара мықтыны анықтай алмады.

Ал қосымша уақытта Елдос қарсыласының үш рет ескерту алуына байланысты жеңіс жетті. Екінші айналымда украин Дильшот Халматовқа қарсы күресте жеңді. Ал Олимпиада ойындарының ширек финалында тайпейлік Ян Юнвэймен қарсыласып, айқын жеңіске жетті. Жартылай финалда Елдос Сметов испан дзюдошысы Франсиско Гарригоспен белдесіп, оны сұлатып түсірді.

Ал финалда Елдос жергілікті француз спортшы Лука Мхейдзені ойсырата жеңіп шықты. Айта кетейік, 32 жастағы Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль еншілеген еді.

Сондай-ақ Елдос маусымда үш қазақстандық дзюдошының арасында өткен іріктеу белдесулерінде жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close