Қаржы және төлемдер
Елімізде ең жоғары зейнетақы – 1 млн теңге

Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнетақы шоттарында қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды qandastar.kz
Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 трлн теңгеге (25%) өскен.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ай сайынғы орташа зейнетақы 35 523 теңгені, ай сайынғы максималды зейнетақы 993 040 теңгені құрады», — делінген зейнетақы қорының хабарламасында.