Жаңалықтар

Елімізде қарасора өсіру заңдастырылады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда қарасора өсіру заңдастырылады, деп жазды qandastar.kz

Яғни, есірткі түріне жататын өсімдік енді еліміздегі өндірісте белсенді қолданыла бастайды. Үкімет қарасораны өсіретін инвестор да тауып қойыпты. Алғашқы жоба Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлихан ауданында қолға алынбақ, яғни сонда егіледі.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, бірінші кезеңде 10 гектарға егіліп кейін, 50 гектарға дейін ұлғайтылады. Қарасораның тек өндірістік мақсатта қолданылуын Ішкі істер министрлігі қадағалайды. Ереже бұзылған жағдайда инвестор лицензиясынан айырылып, өндірісі тоқтатылады. Ал депутаттар құрамында есірткі бар шөпті өсіріп алып, ие бола алмай қаламыз ба деп алаңдаулы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close