Қаржы және төлемдер
Елімізде картоп экспортына тыйым салынды
Фото: Владимир Астапкович
Қазақстан картоп экспортына тыйым салды, деп жазды qandastar.kz
Ел аумағынан үшінші елдерге картопты экспорттауға 6 ай мерзімге шектеу енгізілді. Тиісті тыйым Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қолданылмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, көршілес мемлекеттер тарапынан отандық өнімге деген жоғары сұраныс сақталып отыр. Былтыр 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе жоғары. Бұдан бөлек соңғы 10 жылда картопқа деген сұраныс рекордтық деңгейге жеткені де айтылған.
«Қабылданған шаралар картоп бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне және нарық қатысушылары тарапынан спекулятивті әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді АШМ.