Жаңалықтар
Елімізде кеңселер мен сауда орындарын жалға алу құны тағы қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес бағалар былтырмен салыстырғанда 4,1%-ға өскен, — деп хабарлайды qandastar.kz
Өңірлер бойынша айтсақ, жалға алу
Қарағандыда 7,3%
Алматыда 5,5%
Ақмола облысында 4,5% қымбаттаған.
Оның ішінде өндіріс цехтарын жалға алудың бағасы шарықтап тұр. Бірден 8,6 пайызға өскен.
Ал офистер 5,4%-ға,
қоймалар 6,5%-ға,
асхана, кафені жалға алу 7,9%-ға қымбаттаған