Қаржы және төлемдер
Елімізде коммуналдық қызмет ақысы қымбаттайды
Фото: ашық дереккөз
Елімізде коммуналдық қызмет ақысы қымбаттайды, деп жазды qandastar.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов өсім халықтың қалтасын қатты қақпайды деп отыр. Сондай-ақ бұл инфляцияға айтарлықтай әсер етпейтініне сендірді.
«Тарифтердің өсуі ең төменгі деңгейде, ақылға қонымды шекте болады. Біз инвестициялық бағдарламаны орындаймыз, бірақ оны іске асыру 20 жылға дейін созылады. Барлық есептеулер жүргізілді. Бұл болжам емес, талдаудың нәтижелері», – деді вице-министр.
Коммуналдық тарифтер қалай өзгеретіні әзір белгісіз. Бұл әрбір қызмет жеткізушіге байланысты болмақ.