Жаңалықтар

Елімізде онлайн несиеге тыйым салудың қажеті жоқ

Фото: pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова депутаттың сұрағына жауап беру кезінде осылай деді, деп хабарлады Qandastar.kz.

Себебі, қазір барлық банк цифрлық жүйеге көшкен. Егер онлайн-несиенің көзі жойылса, азаматтарға жайсыздық, ал мамандардың еңбегі зая кетеді. Бүгінде осы интернет-алаяқтарымен күресті күшейту жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Ұлттық банк те осындай пікірде. Виталий Тутушкин онлайн несиеге толық тыйым салынған жағдайда кері шегініс жасағандай болатынын жеткізді.

«Біз банктік қызметтерді электронды түрде көрсетуге бақылауды күшейту қажет деген пікірмен келісеміз. Осы жылдың шілде айының соңында алаяқтыққа қарсы орталық ашылды. Іске қосылғаннан бері шамамен 600 млн теңге болатын 5,5 мың оқиға өңделген. 17 млн теңгенің ақшасын өз еркімізбен қайтарып алдық», – деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close