ҚР азаматтығын алу
Елімізде өзін өзі қорғау мақсатында травматикалық қару ұстауға рұқсат берілмейді
Қазақстандықтарға өзін өзі қорғау мақсатында травматикалық қару ұстауға рұқсат берілмейді. ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов арнайы брифингте осылай деп мәлім етті. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасынан кейін қазақстандықтар өзін өзі қорғау мақсатында травматикалық қару пайдалануға қайта рұқсат беруді сұраған болатын. Министрлік өкілі ведомствоның бұл мәселедегі ұстанымы туралы айтты. «Бұл мәселені біз қарастырдық. Талдау жасай келе ондай қажеттілік жоқ деген шешімге келдік. Травматикалық қаруға 2014 жылы тыйым салынған болатын. Соңғы 5 жылда соның оң әсері байқалды. Көптеген адамдар оны заңға қайшы мақсаттарда пайдаланды. Қаруы бар адамдар кез келген кикілжің барысында оны қарсыласына кезенуді әдетке айналдырды. Сондықтан басқа елдер сияқты біз де тыйым енгізген болатынбыз. Бұл тыйымның күшін жоятындай қажеттілік көріп отырған жоқпыз. Пневматикалық қару спорттық жарақ санатына жатады. Сондықтан ол тек нысана көздеуде ғана қолданылуы керек», – деді М. Байболов.
Дерекк0з: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/332966-travmatikaly-aru-a-tyjym-zhojylmajdy-r-iim