Қаржы және төлемдер

Елімізде студенттердің шәкіртақысы артады

Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың 20 мамырында Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов 1 қыркүйектен бастап студенттерге берілетін шәкіртақы мөлшері өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол шәкіртақы мөлшері келесідей болатындығын атап өтті:

  • бакалавриат үшін – 52 372 теңге,
  • магистратура – ​​117 098 теңге,
  • докторантура – ​​262 500 теңге.

Zakon.kz тілшісі жазғандай, вице-министр түсіндіргендей, бакалавриат деңгейіндегі шәкіртақы мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура мен докторантурада 1,75 есеге артады.

«Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда жатақханадағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500 орыннан 2024 жылы 14 873 орынға дейін азайды. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жатақханадан орын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетінін атап өткім келеді», – деді Талғат Ешенқұлов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close