Жаңалықтар
Елімізде жанар-жағармайдың шекті бағасын алып тастау туралы шешім қабылданды
Фото: ашық дереккөз
Елімізде жанар-жағармайдың шекті бағасын алып тастау туралы шешім қабылданды, – деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Бүгінде жанармай нарығының 80 пайызы мемлекет бақылауында.
Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров айтты.
Келесі қадам жанар-жағармайдың бөлшек сауда нарығындағы бағаны реттеу болмақ. Сөзінше, бұл қатаң бақылаудан біртіндеп бас тартуға септігін тигізеді.
Агенттік бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылардың шығынын және мұнай өнімдерінің контрабандасын алға тартып, жанармай бағасын реттеуден бас тартуды ұсынған болатын. Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев бұл бастаманы қолдап, бензин құны бес теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін ескертті.