Жаңалықтар

Елімізде жасөспірімдер арасында есірткі тасымалы көбейген

Фото: inbusiness.kz

Елімізде ересекті қойып, жасөспірімдер арасында есірткі тасымалдау дерегі өршіген. Тек жыл басынан бері осындай 30 бала ұсталған. Мәселен, өткен аптада ғана тәртіп сақшыларының қолына қалтасын мефедронға толтырып алған мектепті енді бітірген екі бозбала түскен.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Көкшетаудың 14 жастағы тұрғыны 200 граммнан асатын мефедронды әр жерге жасырып таратпақ болғанда ұсталды. Жасөспірім тергеушілерге осындай жолмен «мопед сатып алуға ақша жинамақ болдым» депті. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама қорытындысынан кейін жасөспірімнің ата-аналары да жауапқа тартылуы мүмкін. Соңғы кезде жиілеп кеткен жағдайларға байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының уақыт өткізуіне бақылауды күшейтуді сұрап отыр.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

— Жасөспірімнің жеке заттарында изолента, кішкентай қапшықтар, электрондық таразы, дәрі салынған блистерлер немесе көз тамшы шөлмектері — қауіп-қатер белгісі. Телефонында кіреберіс, аялдама, үй қабырғасына жапсыратын суреттері болса, ең бастысы, ата-анасы сатып әпермеген жаңа, қымбат зат күдік туғызуы керек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close