Қаржы және төлемдер
Еліміздегі байланыс операторлары 10 айда 1 трлн 100 млрд табыс тапқан
Фото: ашыұ дереккөз
Оның 52,5 пайызы интернет қызметінен түскен пайда. Операторлардың кірісі еселенгенімен тұтынушылардың арыз-шағым әлі де азаймаған, деп жазды qandastar.kz
Басты мәселе – байланыс пен интернет сапасы. Жылдар бойы жыр болған жақсы емес қызметті реттеу бойынша жұмыстар атқарылып жатқандай-ақ. Бірақ халық игілігін әлі де көре алмай келеді. Салаға жауаптылар болса «оның себебі көп, бастысы – ақша» дейді. Сол үшін де осы айда байланыс пен интертеттің құнын қымбаттатпақ болды. Тариф көтеріледі дегенді естіген қазақстандықтар әлбетте, үнсіз қалмады.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Цифрлық даму министрлігі «бағаны жыл соңына дейін өсірмейміз» деген шешім қабылдады. Үш апта. Жылдың аяқталуына осынша уақыт қалғанын ескерсек, баға қай уақытқа дейін өспейді деген заңды сауал туындайды.