Жаңалықтар
Елордада Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалды

Фото: ашық дереккөз
Астана стадионында Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы блогер Ербол Теңелбаев өз әлеуметтік желісіндегі парақшада жариялады.
4 мамыр күні «Астана Арена» стадионында 600-ден астам елордалық бала 2736 ш.м. фотомозайка форматындағы алып портрет ұсынды.
Жоба Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына арналды. Шара Рекордтар кітабына енгізілді.