Жаңалықтар

Елордада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығыcты

Фото: ашық дереккөз

Астанада өрт сөндіру қызметінің көлігі бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды qandastar.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылының қиылысында болған.

«Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам сигналына өтіп кетіп, Kia маркалы көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Kia автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейін 52 жастағы жолаушы әйел алған жарақатынан қайтыс болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close