Жаңалықтар

Елордада Сот сараптамалары орталығының директоры ұсталды

Фото:  Olympic.kz

Астанада Сот сараптамалары орталығының директоры ұсталды, деп жазды qandastar.kz

Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген. Алайда, 2023-2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдықтың құнын 3 есе арттырған. «Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың доллар және 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды», — деп хабарлады ҚМА. Сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы 2 айға қамалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close