
15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылған әнші Ерболат Құдайберген сыншыларға жауап ретінде ән жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Интервьюге шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақ көңілді, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз.
«Ләтір-ләй» хейтерлер мен көз жетпестен менің атыммен видеоны шығарып отқан парақшалардың иелеріне арнаймын», — деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, желіде әншінің мас күйде болған видеосы тараған еді.
Полицияға әншінің көпқабатты үйлердің бірінде тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама түскен.
Полицейлер барғанда ол агрессия көрсетіп, айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген.
Ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.
Полиция әншінің бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғанын атап өтті.



