Жаңалықтар
Енді қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салынуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс кулуарында журналистер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазіргі таңдағы маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер арқылы қайырымдылыққа ақша жинау туралы тыйым туралы айтты.
Айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе бойынша сарапшылар ақылдасуда.
«Нақты шешімдер әлі қабылданған жоқ. Біз ұсыныстарды жинап, сарапшылардың пікірлерін зерттеп жатырмыз. Мұндай бастамалар тек жайдан-жай қабылданбайды, себебі кейде алаяқтық пен заңсыз әрекеттердің орын алуы мүмкін. Осыған байланысты қайырымдылық көмектің механизмін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр. Мен бұл жұмыс тобына сіздерді белсенді қатысып, ұсыныстарыңызды енгізуге шақырамын. Әзірге нақты шешім жоқ», – деді министр.