Жаңалықтар
Енді қазақстандықтар Илон Масктің интернетін пайдалана алады

Фото:gov.kz
Қазақстандықтар ресми түрде Starlink компаниясының интернет қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
Бүгін, 12 маусым күні ведомство мен Starlink компаниясы ұсынған жер серігінің интернет қызметін Қазақстан аумағында іске қосу туралы келісімге қол қойды.
Енді Қазақстан халқы 2025 жылдың үшінші тоқсанынан бастап Starlink жер серігі терминалдарын ресми түрде сатып ала алады.
«Бүгінге дейін Starlink елімізде тек мектептерге интернет ұсынып, пилоттық режимде жұмыс істеп келді. Ал халық үшін ол ресми түрде қолжетімді болмады. Енді біз келісімге келдік. Компания ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы ұлттық заңнама талаптарына сай жұмыс істейтін болады. Биыл қажетті жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар ресми әрі заңды түрде интернетке қосыла алады», — деді министр Жасұлан Мәдиев.
Енді азаматтар терминалдарды заңды түрде сатып алып, пайдаланып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркей алады.
Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстандағы интернет Токионы басып озатынын айтқан еді.