Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Енді легионерлерге бюджеттен ақша бөлінбейтін болды

коллаж inbusiness.kz

Легионерлерге ақша төлеуге жол бермейтін заңдық норманы Үкімет қолдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. 180 спорт түрі қысқартылады. Тиісті норманы Үкімет қолдады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 49 бабы:

Бірінші бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен  қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады»

Екінші бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді», – деді депутат.

49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерінің 6-тармағы мынадай мазмұнда жазылады:

«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
2) мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
3) бұқаралық спорт;
4) спорттық инфрақұрылымды дамыту»;

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close