Қаржы және төлемдер

Енді несиеге «қоңырау шалу» арқылы тыйым салуға болады

Фото: ашық дереккөз

Енді несиеге «қоңырау шалу» арқылы тыйым салуға болады, деп жазды qandastar.kz

Қазақстанда несиеге телефон арқылы тыйым салуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі пайда болды. Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Одан кейін қызмет көрсету тілін таңдап, «Несиеге тыйым салу» деп айту қажет.

Дыбыстық сигналдан соң ЖСН енгізіп, SMS-код арқылы әрекетті растау керек. Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, қажет болған жағдайда несие алуға салынған тыйымды телефон арқылы алып тастауға да болады. Бұл сервис смартфондарды пайдаланбайтын, интернетке қолжетімділігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы болуы мүмкін.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close