Спорт

Еркін күрестен әлем чемпионы сыйға берілген пәтеріне әлі кіре алмай жүр

Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпанов былтыр Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы сыйға тартқан пәтерді әлі алмағанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, пәтердің сертификаты жыл қорытындысында берілген.

Бұл туралы ол спортшы Нұрсейіт Жылқышыбаймен әңгіме барысында мәлімдеді.

«Сертификатын алдық, алайда кілтін әлі алмадық. Пәтер мәселесі созылып кетті», — деді палуан.

Қазір әлем чемпионы Талғарда жер үйде тұрып жатыр. Жаттықтыруларға қатысу үшін Алматыға баруға мәжбүр.

«Жол 2-3 сағатты алады», — дейді спортшы.

Айтуынша, Федерацияға хабарласқан, алайда әлі жауап алмапты.

Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Венгрияда күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатында 70 келіде топ жарған болатын.

Back to top button